Кіру
AA+
+7(7122) 25 74 57
+7 702 947 94 19
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Ынтымақ №23 балабақшасы» КМК

Білім беру саласы: «Коммуникация»     

Ұйымдастырылған оқу қызыметі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Қолғап»

Мақсаты:

Білімділігі:Балаларды ертегінің айқын обырызын көрсете білуге,ертегі туралы түініктерін бекіте отырып,сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы:Ертегі сахыналау арқылы балалардың тіл балығын,ой қиялын дамыта отырып,рольге,кіре білуге үйрету.

Тәрбиелігі:Әр киіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:                            

Арайлап таң атты,                              

Алтын сәуле таратты                           

Қайырлы таң балалар                            

Қайырлы таң апайлар.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі,

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар.

-Қыста ауа-райы қандай болады?

-Салқын, кар жауады,Боран болады.

-Қыс туралы кім тақпақ біледі?

-Жарайсындар балалар,енді бәріміз бейне таспаға қарайық

Дидактикалық ойын: «Артығын тап»

-Олай болса бүгінгі ашық оқу қызыметіміздің тақырыбы: «Қолғап ертегісі» Слайдтан көрсету.                                                                                                                              

Билингвальды компанент:

Ертегі-сказка,қолғап-варышки.

Ертегіні сахналау:

Айару:

Ерте-ерте,ертеде орманда жәндіктер, аңдар өмір сүріпті.

Олар: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр,аю.

Тәрбиеші:

Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар. Бір күні шал итімен келе жатып,орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп, қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.

Тышқан:

Өзім егін екпеймін     

Мысық қуса жетпеймін  

Мен қаптесер тышқанмын.

Қолғаптың жылысын ай кіріп алайыншы.

Тәрбиеші:  Шыршалардың арасынан бақа шығады.

Бақа:   

Мен бақамын,бақ-бақ 

Басым менің жалпақ  

Су түбінде көп жүріп,     

Басым содан жалпақ.

-Мына қолғапта кім тұрады?

-Қаптесер тышқан тұрады.

Тәрбиеші:  Қардың үстінен секіріп қоян келеді.

Қоян: 

Мен аққоян,ақ қоян

Қалқиған ұзын құлағым

Құлағымды жел үніне

Тігіп жатыр сақ қоян.

-Мына қолғапта кім тұрады?

-Бақа тұрады.

Тәрбиеші: Шыршалардың арасынан түлкі бикеш келеді.

Түлкі:        

Ананы да алдаған    

Мынаны да алдаған

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу.

-Қолғапта кім тұрады?

-Қоян тұрады.

Тәрбиеші:

Орман ішін аралап қасқыр келеді.

Қасқыр:  

Мен қасқырмын,қасқырмын  

Қозы ұрлайтын өрістен

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

-Қолғапта кім тұрады?

-Түлкі бикеш тұрады.

Тәрбиеші:  Шыршалардың арасынан қабан кел

Қабан:

Шалшық суда

Балшық суда жүретін

Мен сояу тісті қабанмын.

-Қолғапта кім тұрады?

-Қасқыр тұрады.

Тәрбиеші: Орман арасынан аю келеді.

Аю:

Кезген ішін орманнан

Мен аюмын қорбаңмын

Қалың нудан бал таңдап

Жүремін мен балпаңдап.

-Қолғапта кім тұрады?

Тышқан,бақа,қоян,түлкі,қасқыр,қабан,тұрады.

Тәрбиеші:    Жоғалған қолғабын шал есіне алып итіне артқа қайт,жоғалған қолғапты тап деп бұйырады.

Ит:         

Әуп-әуп-әуп

Ей сендер құстарсыңдарма,әлде аңсыңдарма?

Қолғаптан тез шығыңдар.

Шал мылтықпен келеді, қолғапты алып кетеді.

Тәрбиеші:  Шал келіп жетіп қолғабын сілкіп-сілкіп алып кетеді, ішіндегі аңдар тым-тырақай ормаңға қарай қаша жөнеледі.

Сахналау:

Тілдік жаттығу:

  1. Ян-ян-ян,

Ұзын құлақ қоян.

  1. Кі-кі-кі,

Қылмыңдаған қу түлкі.

  1. Ыр-ыр-ыр,

Көкжал қасқыр.

  1. Ю-ю-ю,

Қорбаңдаған аю.

Жұмбақ  шешу:      

Қыс бойына жатады  

Тәтті-ұйқыға батады. (Аю)

Қалқиған-ұзын құлағы, 

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)       

Өзі бір қу,         

Жүрген жері шу. (Түлкі)    

Күші десең күші бар,  

Тісі десең тісі бар.(Қасқыр)

Қорытынды:

-Балалар бүгінгі біз қаңдай ертегіннің кейіпкерлерімен таныстық?

-Ертегі сендерге ұнады ма?

-Ертегіде қаңдай кейіпкерлер болады?

Мен сендерге риза болып тұрмын.

Бүгінгі ашық оқу қызыметіне өте жақсы қатынастыңдар.

Қолғап ертегісін жақсы түсінген екенсіңдер. Сендерге үлкен рахмет.